Қазақстанда 15 мыңнан астам шетел азаматы еңбек етеді
Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер қатарына Қытай , Өзбекстан , Үндістан , Түркия жатады.1 мамырдағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 15 129 шетел азаматы еңбек етеді. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазіргі уақытта елімізде шетел жұмыс күшін пайдаланатын 1 746 жұмыс беруші бар.
"Экономикалық қызмет түрлері бойынша көпшілігі құрылыс саласында – 5 317 адам (35%), ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 572 адам (10%), тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 443 адам (10%), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 979 адам (7% ), өңдеу өнеркәсібі – 960 адам (7%) жұмыс істейді" – делінген хабарламада.
Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер қатарына Қытай (24%), Өзбекстан (12%), Үндістан (12%), Түркия (10%) жатады.