Қазақстан Түркияға шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөледі
Президент бұл туралы Үкіметке тапсырма берді.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркия Республикасына шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды, деп хабарлады Aqorda.
"Сонымен қатар Қазақстанның өкілетті органдары түрік тарапымен бірлесіп, зілзаланың зардабын жою үшін қосымша көмек көрсету мәселесін қарастырып жатыр" делінген ресми хабарламада.
Оқи отырыңыз: Түркия мен Сириядағы жер сілкінісі Қазақстанға қарай жылжи ма? Сейсмологпен сұхбат
Еске салайық, Қазақстан ТЖМ құтқарушылары кеше, 7 ақпан күні Түркияда жер сілкінісі салдарын жою жұмыстарына кірісті.