"Қазақстан Темір Жолы" компаниясы қайта құрылады
Президент еліміздің транзиттік қуатын арттыру туралы айтты.Қазақстан қазіргі геосаяси жағдайда Азия-Еуропа арасындағы аса маңызды құрлық дәлізі болып отыр, деді президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында.
"Біз бұл мүмкіндікті толық пайдаланып, әлемдік маңызы бар көлік-тасымал торабына айналуымыз керек. Еліміз осы салада ірі жобаларды жүзеге асыра бастады. Атап айтқанда, Ақтауда контейнер хабы құрылып жатыр. Транскаспий дәлізі дамып келеді", – деді мемлекет басшысы.
Оқи отырыңыз: Елге әкелінген көліктерді заңдастыру үшін бір жолғы 250 мың теңгелік жарна енгізіледі
Президент бұл жұмыстарға әлемдегі үздік логистика компаниялары тартылатынын атап өтті. Сонымен қатар "Қазақстан Темір Жолы" компаниясы толыққанды транзиттік-логистикалық корпорация болып қайта құрылатынын жеткізді.
Оқи отырыңыз: Ұлттық қордың қаржысын тиімсіз жұмсау тоқтатылады