28 мамырдан бастап "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамы облыста стратегиялық тауарды үздіксіз жеткізу үшін өнім тиелген вагондардың өткізілуін ерекше бақылауға алды. Қазіргі уақытта Қазақстан аумағы бойынша теміржол көлігімен қант тиелген 152 вагон тасымалданады, деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметі. 

Бұдан өзге, 116 вагон құрғақ қант шикізаты өңірлерге тасымалданады. 

"Отандық зауыттардың қант өндірісі тарифтік жеңілдік шеңберінде үшінші елдерден жеткізілетін құрғақ қант шикізаты негізінде жүзеге асырылады. Облыс әкімдіктеріне жеткізілетін қантты жедел қабылдау мен таратуды қамтамасыз ету ұсынылды", – делінген хабарламада. 

Мұнымен қатар, ауыл шаруашылығы министрлігі зауыттарда қант өндірісінің тоқтамайтынын айтты. 


Оқи отырыңыз: Түркістан облысында қант бағасы 30 пайыз қымбаттады


"Оны өңірлерге үздіксіз жеткізу жүзеге асырылады, өнім қоры үнемі толықтырылып отырады. Үкімет елді қантпен қамтамасыз ету мәселесін тұрақты бақылауда ұстап отыр", – делінген хабарламада.