Қазақстан мектептерінде психологиялық қызмет құру жоспарланып отыр
Құжат 17 маусымға дейін қоғамдық талқылау үшін жарияланды.Білім және ғылым министрлігі орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларының жобасын әзірледі. Бұл туралы Ашық НҚА сайтында жарияланды.
Құжат 17 маусымға дейін қоғамдық талқылау үшін жарияланған.
Психологиялық қызметтің міндеттері:
- Білім алушылардың жеке дамуы мен психологиялық тұрақтылығына жәрдемдесетін, олардың психикалық және физикалық дамуы мен жаттығуы үшін қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ететін, психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектесетін жеке көзқарасты қамтамасыз ету;
- Даму және оқу проблемаларының туындауының алдын алу үшін балалардың даму мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін кешенді диагностикалау, білім беру процесінің барлық қатысушысына қолдау көрсету;
- Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке даму бағдарламаларын әзірлеу және енгізу, олардың ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтау және бағалау негізінде білім беру бағдарламаларын білім алушылардың мүмкіндіктері мен қабілеттеріне бейімдеу;
- Білім беру процесіне қатысушыларды қолдауда педагогтер мен мамандардың пәнаралық, ұжымдық тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету, білім алушылардың жеке мүмкіндіктері мен ерекше қажеттіліктерін ескере отырып, оларды тәрбиелеу, оқыту және дамыту, әлеуметтендіру үшін қажетті жағдайлар жасау;
- Білім беру процесінің барлық қатысушысы арасындағы қарым-қатынастарды реттеу, қарым-қатынастарды, ынтымақтастықты және өзара көмекті қолдау;
- Барлығына сапалы білім беруді қамтамасыз ету үшін қажеттіліктердің алуан түрлілігін ескере отырып, педагогтер мен білім алушының отбасына консультативтік-әдістемелік көмек көрсету;
- Білім беру үдерісіне қатысушылардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін арттыру.
Оқи отырыңыз: Мектеп тағамдарына оқушы мен ата-ананың көңілі тола ма?
Ал даму бағыты төмендегілерді қамтиды:
- Жеке білім беру, жеке даму бағдарламаларын әзірлеу, білім алушыларды, оның ішінде әртүрлі білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды қолдау;
- Оқу-тәрбие процесіне қатысушылар арасында әлеуметтік-психологиялық тренингтер, рөлдік ойындар, топтық талқылаулар өткізу;
- Білім алушылардың тұлғалық, интеллектуалдық, эмоционалдық-ерікті, шығармашылық дамуын үйлестіру үшін бағдарламалар әзірлеу және дамыту жұмыстарын жүргізу;
- Білім беру процесіне қатысушылар арасында тұлғааралық және жанжалды жағдайлардың алдын алу;
- Білім алушылардың әлеуметтенуіне және олардың кәсіби бағдарлануына ықпал ету.