Астанада өткен V республикалық имамдар форумының қорытындысында үндеу қабылданды.

Үндеу үш мақсатты көздейді: 

  • ата-бабадан келе жатқан діни және ұлттық құндылықтарды ел арасында белсенді түрде насихаттау;
  • Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты барлық мешіттерде бес уақыт намаз, екі айт, қасиетті жұма және тарауық намазы сынды құлшылықтарды бірізділікпен өткізу, жамағат арасында түсініспеушілікке жол бермеу және бабалар салған діни мектепті дамыту;
  • қажылық құлшылығын өтеп келген қазақстандықтардың қоғамда көркем мінезімен, өнегелі істерімен үлгі көрсетуі және қажы деген құрметке лайықты болуы. 

Оқи отырыңыз: Тоқаев: Салт-дәстүрмен тығыз сабақтасқан дәстүрлі исламды қадірлеу өте маңызды


Форум аясында, сондай-ақ, "Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының рухани (діни және ұлттық) құндылықтарды насихаттаудағы рөлі", "Имамның жамағат намазын өткізу тәртібі", "Қажының рухани келбеті" құжаттары қабылданды.