Республика күні – ұлттық мейрам және демалыс күні.

Биылғы 25 қазан жұма күніне түсіп тұр. Сондықтан аптасына бес күн жұмыс істейтін жандар үш күн қатарынан демалады: жұма, сенбі, жексенбі.

Аптасына алты күн жұмыс істейтін жандар үшін: 25 қазан – демалыс, 26 қазан – жұмыс, 27 қазан – демалыс болмақ.