Қарағанды облысындағы "Саяқ-3" шахтасында қайғылы оқиға болып, екі жұмысшы қайтыс болды. Бұл туралы "Қазақмыс" тобының баспасөз қызметі хабарлады. Шахтада көміртегі газы бөлінген.

Компания мәліметінше, жұмысшылардың бәрі жедел түрде эвакуацияланды. Зардап шеккендер жақын жердегі медициналық мекемелерге жеткізілді. Дегенмен, екі жұмысшы қайтыс болған.

"Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда, қайғылы жағдайды тексеру үшін арнайы комиссия құрылды. "Қазақмыс" басшылығы мен ұжымы қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Марқұмдардың отбасыларына қажетті барлық көмек көрсетіледі", – делінген компанияның хабарламасында. 


Оқи отырыңыз: Қарағандыда кеншілердің жаппай қаза табуына қатысты 9 адам қамауға алынды