Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театры Астанаға гастрольдік сапармен келді. Шығармашылық ұжым елордалық көрерменге Джузеппе Вердидің "Травиата" операсын ұсынды, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

28 мамырда алматыдық театр Жорж Бизе мен Родион Щедриннің "Кармен-Сюита", сондай-ақ Николай Римский-Корсаковтың музыкасына жазылған "Шехеразада" балетін көрермен назарына ұсынады.


Оқи отырыңыз: Театр, музей, кітапханаға экскурсия. Жазғы демалыста балаларға арналған қандай шаралар өтеді?


Айта кетейік, астаналық "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театрының ұжымы да жуырда Алматыға гастрольдік сапармен барып-қайтты. Елордалық театр көрермендердің назарына Арам Хачатурянның "Спартак" балеті мен Вольфганг Амадей Моцарттың музыкасына жазылған "Кішкентай өлім" және "Алты би" бір актілі туындысын ұсынды.