Қазан айының басында Қазақстандағы ақылы жолдарға жаңа тарифтер күшіне енеді
Тарифтер айлық есептік көрсеткішке байланысты болады.3 қазанда Қазақстанда ақылы жолдарды пайдаланудың жаңа тарифтері күшіне енеді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бұйрығында айтылған.
Тариф айлық есептік көрсеткішке байланысты болады. Биыл айлық есептік көрсеткіш – 3450 теңге.
Ақылы автомобиль жолы бойынша жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелерін мына жерден көруіңізге болады.
Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар 7 ақылы жолдан өткен кезде төлем әдістері туралы SMS-хабарлама алады.
Бұл бағыттардың бойындағы елді мекендердің тұрғындары үшін жеңіл көліктерге де, автобустарға да, жүк көліктеріне де жыл сайынғы рұқсаттамалар қарастырылған. Олардың бағасы сәйкесінше 1 АЕК және 20-дан 100 АЕК-ке дейін болады. Сондай-ақ, олар 2-ден 10 АЕК-ке дейінгі бағамен автобустар мен жүк көліктеріне ай сайынғы жазылымды сатып ала алады.