2023 жылдың 21 қыркүйегінде Арман Жұммагелдиев, Қайрат Құдайберген және басқа да тұлғаларға қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдау аяқталды. Сотталушылардың жалпы саны 45 адам. Сотқа қатысушылардың қауіпсіздігі мақсатында қылмыстық іс, жабық түрдегі қарауға ауыстырылды, деп хабарлады Алматы соттарының баспасөз қызметі.

Сотталушыларға "Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану" (ҚК 362-бабы), ұйымдасқан қылмыстық топ құру, оған басшылық ету және оған қатысу (ҚК 262-бап), қарақшылық шабуыл (ҚК 191-бап), заңсыз бас бостандығынан айыру (ҚК-нің 126-бабы), 2022 жылғы қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және оларға қатысу (ҚК 272-бап), бандитизм (ҚК 268-бап) бойынша айыптар тағылды.

Отырыс барысында сотқа процеске қатысушылардан сотталушыларға қатысты бұлтартпау шарасын өзгерту және жою, қылмыстық істі қайтару және тоқтату, жақын туыстарын қорғаушы ретінде тану туралы жүзден астам өтінішхат түсті.


Оқи отырыңыз: Бас прокуратура: "Дикий Арманның" сыбайласы қылмыскерлерге қару таратқан


Сондай-ақ іс бойынша 10 жәбірленуші, бір куә және бір сотталушы тарап, сот отырысын жабық түрде өткізуді сұрады. Олар өз өмірлері мен отбасылары мен жақындарының қауіпсіздігі үшін қауіптенетіндерін білдірді. Бұл өтініштерді сот қанағаттандырды.

Басты сот отырысы ағымдағы жылдың 6 қазанына белгіленген.