Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған qurban2023.kz сайтын іске қосты, деп хабарлады мүфтият.

"Халыққа, әсіресе үлкен қалаларда тұратын жамағатқа оңтайлы болу үшін биыл құрбан шалу офлайн және онлайн форматта жүзеге асады", – деп жазылған хабарламада.

Құрбан шалуға ниетті адамдар сайт арқылы құрбандық малын таңдап, көрсетілген реквизитке қажетті қаражатты аударады. Төлем барысында хабарламаға тапсырыс нөмірі мен құрбандық шалушының аты-жөнін жазу міндетті. Құрбандық шалынған соң оның фото және бейне есебі тапсырыс беруші көрсеткен WhatsApp нөмірге жіберіледі. 


Оқи отырыңыз: Құрбандыққа қандай мал жарайды? Құрбан шалуға қатысты маңызды 12 сұраққа жауап


Айта кетейік, қой мен ешкіні жеке адам, ал ірі қара мен түйені бір немесе 7 адам бірігіп шалса болады.