Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің екі орынбасарын ауыстырды
Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының жаңа орынбасарлары – Лагмар Буларов пен Юрий Шин.Мемлекет басшысының өкімдерімен Акбаржон Яхияхожаевич Исмаилов және Аурика Георгиевна Дяк Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Бұл қызметтерге мемлекет басшысының өкімдерімен Лугмар Харкиевич Буларов және Юрий Германович Шин тағайындалды.
Еске салайық, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасы – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Оқи отырыңыз: Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасы өкілеттігін Тоқаевқа тапсырды
ҚХА басты міндеті мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру болып табылады.