Қарағандыда автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Қайғылы оқиға сағат 10:50 шамасында Бұқар жырау даңғылындағы "Шығыс" базарының маңында болған. Көлікті 39 жастағы ер адам басқарған.

Марқұм 45 жаста болған. Автобуста 15 жолаушы зардап шеккен жоқ.

"Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, қажетті сараптамалар тағайындалды", – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан балалар саны 24% көбейді