Қарағанды ферроқорытпа зауытындағы апат: зардап шеккендердің бірі қайтыс болды
Қалған бес зардап шеккен адамның жағдайы әлі де өте ауыр.Қарағандыда ферроқорытпа зауытындағы апатта зардап шеккен 31 жастағы қызметкер қайтыс болды.
Бұл туралы Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасынан мәлімдеді.
"Дәрігерлердің салған барлық күш-жігеріне қарамастан, Қарағанды ферроқорытпа зауытында зардап шеккен қызметкерлердің бірін өлім аузынан арашалап қалу мүмкін болмады. 1993 жылы туған ер адамның денесін 85% терең күйік шалған. Осы уақытқа дейін бұл науқас өте ауыр жағдайда болып, бүгін қайтыс болды", – делінген хабарламада.
Қалған бес зардап шеккен адамның жағдайы әлі де өте ауыр. Екі науқас реанимация бөлімінде.