Қар, тұман, үсік: Қазақстанның 9 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Орал қаласында 15 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.Қазақстанның 9 облысында 15 қазан күнге ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында тұман, күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Таразда 15 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
15 қазанда Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Орал қаласында 15 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде көктайғақ, облыстың солтүстігінде жолдарда көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Қарағандыда 15 қазанда түнде және таңертең тұман. Жолдарда көктайғақ күтіледі.
Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде, батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Қызылордада 15 қазанда күндіз аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде 1-3 градус үсік күтіледі.
15 қазанда түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
15 қазанда түнде Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. Шымкентте 15 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Түркестанда 15 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
15 қазанда түнде Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с. Қонаевта 15 қазанда солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 18 м/с.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Павлодарда 15 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.