Күршім ауданында қар астында қалған ауылдағы жүкті әйелді құтқарушылар аман-есен ауруханаға жеткізді. Бұл туралы Buqara.kz жазды. 

Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған Күршім ауданында қар құрсауында қалған ауылдардың бірі – Қайнарлы. Онда мүлде жол жоқ. Сол ауылдағы жүкті әйелдің толғағы келген. Құтқарушылар оны шұғыл түрде ауруханаға жеткізу үшін көмекке ұмтылды. 

"ШҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жол талғамайтын көлікпен қарда қалған Қайнарлы ауылына шықты. Олар ауылға дейін биіктігі 1,5 метрден асатын қалың қарды еңсеріп, жолды қақ жарып, отырып жетті", – деп жазылған хабарламада. 

Ауылға табан тіреу үшін 7 сағаттан астам уақыт кеткен. Табандылық танытқан құтқарушылар 2002 жылғы жүкті әйелді Марқакөл ауылында орналасқан ең жақын ауруханаға жеткізді. 


Оқи отырыңыз: Аяз не боранды күні жолда қалып қойсаң, не істеу керек? Жолаушыға арналған кеңестер