"Қазгидромет" синоптиктері 22 қарашада Қазақстанның барлық аймағында дерлік күн бұзылатынын ескертті.

22 қарашада түнде Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с жетеді.

24 қарашада Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақыттарда 30 м/с және одан асып түседі.

22 қарашада түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі.

22-24 қарашада Жамбыл облысының таулы аудандарында көктайғақ күтіледі, тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с.

22 қарашада Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. 

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20.

Астанада түнде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі.

22 қарашада түнде Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Абай облысында бұрқасын. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты қар жауады. Бұрқасын. Облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады.

22 қараша түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Ақтөбе облысының шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Алматы облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ болады. Солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында кей уақыттарда екпіні 18 м/с.

Алматы қаласында 22 қарашада түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі.

22 қарашада түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с.

Түнде Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.