Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы ломбардтары 3 млрд теңгеге жуық шығынға батты
Ал 2021 жылы Қазақстандағы әрбір алтыншы ломбард шығынмен жұмыс істеді.Ұлттық банк мәліметінше, 2021 жылы үш тоқсанда 602 ломбард тіркелді. Сектордың өз капиталы 150,5 млрд теңгені құрады. Бұл бірінші жарты жылдықпен салыстырғанда 36,4% немесе 40,2 млрд теңгеге көп. 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында жалпы табыс 25,6 млрд теңгені құрады. 2021 жылдың қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда 42,6% немесе 7,6 млрд теңге көп.
Қаңтар оқиғасы кезінде ломбардтар айтарлықтай зиян шекті. Олар негізінен Алматы қаласының ломбардтары. Алматы әкімдігінің мәліметінше, 2022 жылдың 14 қаңтарында ломбардтарға келген шығын шамамен 2,9 млрд теңге деп бағаланды.
Алмалы ауданындағы 35 ломбард қиратылған, шығын 2,6 млрд теңгені құрайды. Ал Әуезов ауданында 11 ломбард қиратылды.
2021 жылдың үш тоқсанында елдегі 602 ломбардтың 469-ы табысты болды.
Оқи отырыңыз:
- Ломбардтан алынған қарыздардың 30 пайызға жуығы мерзімінде өтелмейді
- Биыл 116 ломбард шығынға ұшырады. Олардың жалпы қарызы – 656,8 млн теңге
Үздік ондыққа келесі ломбардтар кірді:
- "М-Ломбард" – 6,1 млрд теңге;
- "МК-Ломбард" – 3,8 млрд теңге;
- "Астра-Ломбард" – 2,7 млрд теңге;
- "МК-Золото Ломбард" – 1,7 млрд теңге;
- "Сейф Ломбард" – 1,4 млрд теңге.
2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 102 ломбард шығынға батты. Негізінен келесі ломбардтар:
- Auto money – 332,2 млн теңге;
- "Тез Ломбард" – 69,6 млн теңге;
- "Ломбард три А" – 24,1 млн теңге.
Еске салсақ, биыл 116 ломбард шығынға ұшырады. Олардың жалпы қарызы – 656,8 млн теңгені құрады.