Алматылық "Қайрат" футбол клубының бас бапкері Кирил Кекер өз еркімен қызметтен кетті, деп хабарлады футбол клубының баспасөз қызметі

Кирил Кекер "Қайрат" футбол клубының командасын 2022 жылғы маусымнан бастап жаттықтырған болатын. 

"Оның жетекшілігімен команда 60 матч өткізіп, оның 29-ында жеңіске жетіп, 15 кездесуде тең түсіп, 16 рет қарсыластарына есе жіберген. Осы кезеңде "Қайрат" ФК Академиясының 13 түлегі негізгі команда сапында дебют жасады", – делінген ресми хабарламада. 

"Қайрат" командасына дейін жаңа бас бапкер тағайындалғанға дейін бұл қызметті "Қайрат-Жастарды" басқарған Рафаэль Уразбахтин атқарады. 4 мамырда "Атырау" командасымен болатын матчқа команданы Рафаэль Уразбахтин дайындайды. 


Оқи отырыңыз: Қазақстан футбол федерациясы балалар футболын дамытатын "Ауылымның алаңы" жобасын қолға алды