Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматыдағы Қазақ Ұлттық университетінің жатақханаларында жер сілкінісінен сызат пайда болуына қатысты пікір білдірді. 

"Әлеуметтік желіде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің №6 және 8 жатақханаларының ғимаратына үлкен сызат түскені туралы ақпарат тарады. Бұл жалған. Анығында, қабырғаларда шағын сызаттар бар, бірақ ол ғимараттың негізгі қаңқасында емес. Жөндеу және сейсмикалық тұрғыдан күшейту жұмыстары жүргізіледі", – деді Саясат Нұрбек. 

Еске салайық, Алматы қаласынан 264 шақырым жерде, Қырғызстан мен Қытай шекарасында болған жер сілкінісін қала тұрғындары сезді.  

Энергетикалық санаты – 15.1. MPV тербелісі – 6.7. Тереңдігі – 65 км.


Оқи отырыңыз: Алматыдағы жер сілкінісінің таудан түсірілген видеосы желіде тарады