Президентті ұлықтау рәсімі: Тоқаев Қазақстан халқына ант берді
Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевқа президент куәлігін тапсырды.Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан президенті ретінде салтанатты ұлтықтау рәсімі басталды. Бұл – Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы жетінші ұлықтау рәсімі.
Рәсім кезінде Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан Республикасы президентінің куәлігін тапсырды. Осыдан кейін президент Қазақстан халқына ант берді.
"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, Қазақстан Республикасы Президентінің өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Еске салсақ, кезектен тыс президент сайлауында кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылардың 81,31 пайыз дауысын жинап, жеңіске жеткен болатын.