Президент жанындағы Жастар саясаты кеңесінің құрамына кімдер кірді?
Оның құрамына қоғам белсенділері, жас ғалымдар мен кәсіпкерлер, ауыл, өңір және шығармашыл жастардың өкілдері кірді.Қазақстан Республикасы президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің жаңа құрамы бекітілді. Бұл туралы мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Оның құрамына қоғам белсенділері, жас ғалымдар мен кәсіпкерлер, ауыл, өңір және шығармашыл жастардың өкілдері, "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантының иегерлері, Президенттік кадр резервінің мүшелері, жастар ұйымдарының көшбасшылары кірді.
"Бұл жастардың бәрі өз саласының майталман мамандары. Өскелең ұрпақтың өзекті мәселелерін жақсы біледі. Әртүрлі жас буынның арасында зор бедел мен сенімге ие. Жаңа құрам жастар саясатын жетілдіруге байланысты тұжырымдамалық құжаттармен ұсыныстарды әзірлеуге атсалысады. Ел дамуының жаңа кезеңінде Кеңес жастардың күн тәртібінде тұрған мәселелерін шешудің нақты алаңына айналады деп үміттенемін", – деп жазды Ерлан Қарин.
Жастар саясаты жөніндегі кеңестің жаңа құрамы:
- Расул Абудллаев, маркетолог;
- Дамир Аманжолов, кәсіпкер, волонтер;
- Нартай Аралбайұлы, журналист, ток-шоу продюсері және жүргізуші;
- Қуаныш Бейсеков, режиссер;
- Құрмет Болатхан, волонтер;
- Мария Валяева, OYLA журналының шеф-редакторы;
- Әсия Ермұхамбетова, Young Researchers Alliance қоғамдық қорының төрағасы;
- Алмас Жали, кәсіпкер;
- Сәкен Жолдас, дизайнер, кәсіпкер;
- Мақпал Жұмабай, "Қазақстан" РТРК" АҚ басқармасы төрағасының орынбасары;
- Азат Құсайынов, Ozen музыкалық платформасының негізін қалаушы;
- Дамель Мектепбаева, биотехнолог, ғалым, Kozybaev University проректоры;
- Дәулет Мұқаев, журналист, қоғам белсендісі;
- Динара Наумова, Live әлеуметтік жобасының авторы;
- Айсана Намураддин, мектеп мұғалімі;
- Асхат Нұрмашев, ASAR-UME қоғамдық қорының президенті;
- Глеб Пономарев, публицист, мультипликатор;
- Камила Роллан, балалар мен жасөспірімдерге арналған Education for Allинклюзивті орталығының жетекшісі;
- Аят Сүгірбай, Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты, қоғам белсендісі, "Ұлттық рух" қоғамдық бірлестігіні жетекшісі;
- Олжас Сүлейменов, білім беру мәселелері және жастармен жұмыс жөніндегі сарапшы;
- Санжар Тайжан, Warwick Bioring негізін қалаушысы және бас инженері;
- Алена Ткаченко, PowerWiFi компаниясының және StudyCS қорының жетекшісі;
- Асылхан Төлепов, кино және театр актері;
- Ұлықбек Шарипов, кәсіпкер;
- Яков Федоров, блогер;
- Арман Хайруллин, "Атамекен Эко" қоғамдық қорының жетекшісі;
- Алишер Дунгенин, "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиаттарының қауымдастығы" қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры;
- Татьяна Миронюк, "Ұлттық волонтерлік желісі" заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры;
- Азиз Искаков, "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы" ЖШС директоры.