Президент Ұлы Отан соғысының үш марқұм қаһарманын наградтады
Оларға "Халық қаһарманы" атағы беріліп, Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тиесілі болады.Мемлекет басшысы Қасым-жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы жарлыққа қол қойды. Оған сәйкес, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Халық қаһарманы" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені:
- 8-ші гвардиялық Қызылтулы атқыштар дивизиясы 302-ші гвардия атқыштар полкі 2-ші атқыштар ротасының мергені Төлеуғали Насырханұлы Әбдібековке (марқұм);
- 126-шы Горловка Қызылтулы атқыштар дивизиясы 690-шы атқыштар полкі 1-ші атқыштар батальонының командирі Александр Александрович Несмияновке (марқұм);
- 100-ші бөлек атқыштар бригадасы атқыштар батальоны 2-ші бөлімшесінің мергені-бақылаушысы Ыбырайым Сүлейменовке (марқұм) тапсырылды.
Оқи отырыңыз: Ұлы Отан соғысы тарихын жақсы білесіз бе? Тест