Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі эпидемиологиялық жағдайда шағын және орта бизнеске карантиндік шектеу шараларын жеңілдетуді тапсырды.

"Мұндай жағдайда шағын және орта бизнеске қатысты қатаң карантин шараларын, әсіресе қызмет көрсету саласында, шектеу қаншалықты ұтымды, олар қаншалықты нәтижелі? Үкіметке айтарым, бұны қайта қарау керек. Бұл жағдайда ШОБ-ты тұншықтырып, экономикада теңсіздік жасау не керек?" деді президент бизнес өкілдерімен кездесуде.


Оқи отырыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаев: "Болашақ" бағдарламасының бағытын өзгертеміз