Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық климаттың өзгеруіне ерекше мән беру қажеттігін айтып, 2024 жылды "Экология жылы" деп атауды ұсынды, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі. 

"Климаттың өзгеруі жаһандық ауқымдағы теріс салдарға әкеліп соғатыны баршамызға мәлім. Соңғы бірнеше жылда Жаһандық Оңтүстік және Орталық Азия елдерінде өте қатты қуаншылық белең алып, басқа да табиғат апаттар жиілеп кетті", – деді президент. 

Осыған орай Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымында 2024 жылды "Экология жылы" деп жариялауды ұсынып, Қазақстанның осы өзекті проблеманы шешу жолында ортақ күш-жігерді ұйымдастыруға дайын екенін білдірді. 


Оқи отырыңыз: Тоқаев "БРИКС Плюс" құрамындағы елдерді Қазақстанда өтетін ШЫҰ цифрлық форумына шақырды


"ШЫҰ-ның Экология жылын өткізу жөніндегі іс-қимыл жоспары – уақтылы көтерілген бастама. Бұл бастама БРИКС-ке мүше мемлекеттер тарапынан да қолдау табады деп үміттенемін", – деп қосты Тоқаев.