Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында шетелден әкелінген автокөліктерді заңдастыру қалай жүргізілетінін білмеген соң халықтың әуре-сарсаңға түсіп жүргенін айтты. 

"Біз шетелден әкелінген автокөліктерді заңдастыру туралы шешім қабылдадық. Алайда Үкімет ақпараттық жұмысты дұрыс жүргізген жоқ. Соның кесірінен жұрт бұл науқан қалай жүргізілетінін білмей, әуре-сарсаңға түсіп жүр. Нақты қандай көліктерді заңдастыруға болатынынан да хабарсыз", – деді Қазақстан президенті.


Оқи отырыңыз: Оң рульді көліктерге шектеу жоқ. Шетелдік көліктерді заңдастыру туралы не білу керек?


Ол мұндай маңызды мәліметтер азаматтарға қолжетімді болуға тиіс және оны сенімді ақпарат көздерінен алуы қажет екенін айта кетті.

"Елді алаңдатып, дүрбелең туғызбау үшін Үкімет мұның бәрін тұрақты түрде халыққа қарапайым тілмен түсіндіріп отыруы керек", – деді мемлекет басшысы.