Президент Қазақстан 2027 жылы хоккейден әлем чемпионатын өткізуге дайын екенін айтты
Қазақстан чемпионатты өткізу туралы өтінім жіберген.Қазақстанда 2027 жылы хоккейден әлем чемпионаты өтуі мүмкін. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Халықаралық хоккей федерациясының президенті Люк Тардифті қабылдауы кезінде белгілі болды.
Президент еліміздің 2027 жылы әлем чемпионатын өткізуге жолдаған өтінімі 2023 жылы мамырдағы дауыс беру кезінде қолдау тапса, Қазақстанның осы шараны ұйымдастыруға дайын екенін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық хоккей федерациясының Азия құрлығында ешқашан жоғары деңгейдегі чемпионат өткізбегенін атап өтті.
Сонымен қатар мемлекет басшысы елімізде хоккейге қызығушылық артып келе жатқанын, балалар мен жасөспірімдерге арналған хоккей мектептері мен жастар командаларының саны көбейгенін айтты. Бүгінде спорттың осы түрімен 14 мың аса адам шұғылданады.
Халықаралық хоккей федерациясының президенті Қазақстанда хоккей спортын дамытуға көңіл бөлініп жатқанын жоғары бағалады.