Мемлекет басшысы бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдады, деп хабарлады Ақорда.

Кездесуде бас мүфти президентке Рамазан айында Қазақстанның аймақтарында ұйымдастырылып жатқан қайырымдылық шаралары жөнінде мәлімдеді. Сонымен қатар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қоғамда дәстүрлі ислам дінін кеңінен дәріптеу және ел игілігі мен бірлігі жолында атқарып жатқан жұмыстары жөнінде баяндады.

Бас мүфти мен мемлекет басшысы. Фото: Ақорда

Оқи отырыңыз: Пітір мен підия. Рамазан айында берілетін садақалар қандай?


Бас мүфтидің айтуынша, діни басқарма осы жылды "Ислам және ізгі қоғам" жылы деп жариялаған. Оның аясында жыл бойы бірқатар маңызды іс-шара ұйымдастырылады. Сондай-ақ, ұлттық салт-сананы жаңғырту, дәстүрлі исламға басымдық беру үшін алдағы уақытта бірқатар жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

Мемлекет басшысы мүфтияттың бастамаларына қолдау білдіріп, халқымыздың  дүниетанымына сай дәстүрлі исламды дәріптеу маңызды екенін айтты. Сонымен қатар қасиетті Рамазан айына орай Қазақстандағы барша мұсылмандарына ізгі тілегін жолдады.