Президент: Балабақшаны емес, тәрбиешіні аттестациялау қажет
Президент Қазақстан халқана жолдауында мектепке дейінгі тәрбие жұмысы туралы айтты."Мектепке дейінгі тәрбие жұмысы басты назарда болуы керек. Алайда, бізде 2-6 жастағы балалардың жартысынан астамы ғана балабақшаға барады. Мұндай олқылыққа жол беруге болмайды. Балаларды балабақшамен қамтамасыз ету мәселесін түпкілікті шешу қажет", – деді президент.
Оған қоса Қасым-Жомарт Тоқаев тәрбиешілердің әлеуметтік мәртебесін арттырып, жалақысын көбейтуді ұсынды.
Оқи отырыңыз: Президент: Судың 40 пайызы құмға сіңіп жатыр
Сонымен қатар балабақша тәрбиешілерін аттестациядан өткізу туралы айтты.
"Осы саладағы мамандарға қойылатын нақты талаптар бекітілуге тиіс. Олардың жұмыс жүктемесін де біртіндеп азайтқан жөн. Өз ісіне адал ұстаздар білім беру саласының дамуына зор үлес қосады. Сондықтан балабақшаны емес, тәрбиешіні аттестациялау қажет", – деді президент.