Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың әскери-патриоттық рухын көтеруге баса мән беру қажет екенін атап өтті. 

"Тағы бір маңызды міндет – жастарды отаншылдыққа тәрбиелеу. Елімізде 9 мыңға жуық әскери-патриоттық ұйым жұмыс істейді. Сол ұйымдардың қатарында 260 мыңнан астам жасөспірім бар. "Жас сарбаз" қозғалысының аясында 400 "Смарт сарбаз" үйірмесі ашылды. Бұл үйірмелерге 6 мыңға жуық жас жеткіншек қатысады. Өскелең ұрпақтың әскери-патриоттық рухын көтеруге баса мән беру қажет", – деді мемлекет басшысы. 

Мұнымен қатар, президент әскери-патриоттық тәрбие берудің 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды. 


Оқи отырыңыз: Тоқаев: Әлемде гибридті соғыс жүріп жатыр 


"Бауыржан Момышұлы "Ешкім батыр болып тумайды. Батырлық та мінез секілді, өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады" деген.Біз батырларымыздың ерлігін үнемі дәріптеп отыруымыз қажет. Осыған орай әскери-патриоттық тәрбие берудің 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын әзірлеу керек. Сондай-ақ, "Жас сарбаз" қозғалысын дамытып, оны ұлттық деңгейге көтерген жөн", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.