Президент: Арандатушылық сипаттағы сөздер ашу-ыза туғызатыны заңдылық
Мемлекет басшысы мұндай жағдайлар деструктивті күштер үшін ұтымды екенін айтты.Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Орталық Азия – Ресей" саммитінде кейбір елдерде серіктес мемлекеттерге қатысты арандатушылық сипаттағы сөздер айтылып жүргеніне тоқталды. Оның айтуынша, мұндай жағдай ашу-ыза туғызатыны заңдылық және деструктивті күштер үшін ұтымды.
"Қазіргі әлемде ақпараттық кеңістіктегі келеңсіз жайттардың алдын алу жөніндегі өзара іс-әрекеттердің маңыздылығы артып келеді. Цифрлық технологиялардың, әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің қарқынды дамуы жағдайында орынсыз айтылған кез келген сөз, әсіресе жастар арасында өшпенділік пен этносаралық араздық туғызуы мүмкін. Соның салдарынан қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтуға бағытталған көпжылғы күш-жігер зая кетеді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент дау-жанжал мен дүрбелеңді болдырмау үшін салалық ведомстволар мбен қоғамдық ұйымдарды тығыз ынтымақтастық орнатып, түсіндіру жұмыстарын барынша белсенді жүргізуге жұмылдыру қажеттігін айтты. Оның ойынша, көп нәрсе серіктес елдердің мемлекет қайраткерлерінің саяси жауапкершілігіне де байланысты.
Оқи отырыңыз: Тоқаев: Шекара проблемасы тек бейбіт жолмен шешілуге тиіс