Премьер-министр Әлихан Смайылов Қытайға жұмыс сапарымен барды
Үкімет басшысы ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Цянмен ауқымды мәселелерді талқылайды.Қазақстан президентінің тапсырмасымен премьер-министр Әлихан Смайылов Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Әлихан Смайылов келіссөздер кезінде ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Цянмен сауда-экономикалық серіктестік жөніндегі ауқымды мәселелерді талқылау жоспарлап отыр.
Премьер-министр Шанхайда алтыншы халықаралық Қытай импорты көрмесінің ашылуына қатысады және басқа да елдердің делегация басшыларымен бірлесе ұлттық павильондармен танысады.