Полиция 4266 адамды ұстады, арасында шетелдіктер бар
Полиция органына барлығы 4266 адам жеткізілді. Алматы облысы ауылдарының бірінде 100-ден астам адам ұсталды, деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.
Алдын ала мәлімет бойынша, ұсталғандар арасында көршілес мемлекет азаматтары да бар.
Жамбыл облысының елді мекенінде бірнеше автомат пен тапанша бар қару қоймасы анықталған.
Сондай-ақ Алматы полицейлері Қалқаман шағынауданындағы көлікке техникалық қызмет көрсету орнынан патрондар, оқ-дәрілер мен ұрланған мүлік (велосипедтер, теледидар және ұялы телефондар) тапты.
Қазір сот алды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.