АҚШ-тан Алматыға есірткі салынған пошта келді. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Алматы полициясы қылмыстық сәлемдемені поштаның қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің көмегімен анықтады.

"Сәлемдеме 30 жастағы жергілікті тұрғынға жіберілген. Оған АҚШ-тан марихуана және құрамында есірткі бар мармелад салынған қаптама жіберген. Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында жасыл түсті, ерекше иісі бар, өсімдік тектес зат салынған 27 қаптама табылды және тәркіленді", – делінген хабарламада. 

Сот-химиялық сараптама жасалып жатыр.

Жедел іс-шаралар барысында күдіктінің қылмыстық сәлемдемені қандай мақсатпен алғаны және қаланы есірткімен қамтамасыз ету арнасы анықталады.