Пойыз кешіккен жағдайда төленетін өтемақы мөлшері қандай?
Қайтарылған сома жол жүру құжатының құнынан аспауы керек.Пойыз кешіккен әр сағат үшін жолаушыға жол жүру құжаты құнының 3 пайызын қайтарады. Қайтарылған сома жол жүру құжатының құнынан аспауы керек. Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
"Егер 6 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушылар вагон-мейрамханаларда тегін тамақтана алады. Жол жүру жағдайларының өзгеруі мен пойыздардың 2 сағаттан астам кешігуі туралы жолаушыларға SMS хабарлама жолданады. Сондай-ақ, техникалық және технологиялық мүмкіндіктерді ескере отырып, тамақтану орындарының, сауда нүктелерінің санитарлық аймақтардың үздіксіз жұмыс істеу бақыланады" – делінген хабарламада.
Вокзалда жолаушыларға ақпарат беру бойынша 1433 анықтама телефоны жұмыс істейді. Сондай-ақ, жол жүру құжаттарын қайтару бойынша +7 707 270 36 64 телефонына хабарласуға болады.