Қыркүйектің 20-сы күні кешке төбелес туралы қоңырау бойынша жатақханаға келген полиция қызметкерлері жаңа туған баланы аман алып қалды. Өз әкесі оны бесінші қабаттың терезесінен лақтырып жібермек болған, деп хабарлайды Polisia.kz .

"20 қыркүйек сағат 17:49 шамасында Петропавл қаласындағы жатақхананың 5-ші қабатындағы бөлмеде төбелес болып жатқаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына келген полицейлер бөлменің ішінде есікті құлыптап алған және нәрестені терезеден лақтырып жіберемін деп қорқытқан ер адам бар екенін анықтады. Жатақхананың жанына учаскелік полиция инспекторлары, ТЖД, медицина қызметкерлері келді", –деп жазылған хабарламада.

ТЖД қызметкері өзін шатырға байлап, терезе арқылы ішке енді. Ер адамды еденге құлатып, есікті ашқан соң ішке полиция қызметкерлері қызметкерлері кіріп, бөлменің иесін қолға түсірді.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда 20 жылда алғаш рет жаңа туған нәресте саны 9,5% азайды.


2023 жылы туған қыз бала зардап шеккен жоқ. Нәресте медицина қызметкерлеріне берілді.