Павлодарда болашақ педагогтер үшін салынып жатқан жатақхана элиталы тұрғын үй кешеніне айналған. Осының себебінен оқу жылы қарсаңында жүздеген студент жатақханасыз қалды. Жағдай жылжымайтын мүлік агенттіктерінің бірі пәтерді сатылымға шығарғаннан кейін белгілі болды. Ал жергілікті билік жер учаскесінің нысаналы бағыты өзгермегенін айтады. Енді университет басшылығы жоғары сотқа арыз жазбақ, деп хабарлайды 31-арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдаралмасы. 

"Заман-Альянс" серіктестігіне 5 жыл мерзімге уақытша, яғни өтеулі ұзақ мерзімге пайдалануға берілген. Учаскенің пайдалану мақсаты – жатақхана салу және оны күтіп ұстау. Бүгінде Павлодар қаласының әкімдігіне жердің пайдалану мақсатын өзгерту туралы өтініш түскен жоқ. Сонымен қатар "Заман Альянс" ЖШС университет пен қала әкімдігіне ескертпестен, бой көтерген ғимараттары бар жер телімін жалға беру құқығын сатып жібергені анықталды", – деді Павлодар қаласы жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары Ғалымбек Рахимов. 

Университет басшылығы бұл жатақхананы студенттердің күтіп жүргеніне бірнеше жыл болғанын айтады. Қазірдің өзінде 700 білім алушының тұратын жері жоқ. Сондықтан білім ордасы жоғары сотқа арыз жазбақ.


Оқи отырыңыз: Саясат Нұрбек Алматыдағы студенттерге арналған жатақханаларды тексерді


"Университет Жоғарғы сотқа Павлодар облыстық сотының шешіміне кассациялық шағым дайындап жатыр. Қазір жатақханадағы 700 орынға қажеттілік бар. Бұл тапшылықты азайту үшін университет Павлодар қонақ үйі және жатақханасымен 600 орынға меморандум жасады", – деді Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің проректоры Серік Ілиясов. 

Ал тұрғын үй кешенінің жаңа иесі байланысқа шықпады. Ол осы күзде элиталық үйді тапсыруға дайындалып жатқан көрінеді. Әкімдік өкілдері шара қолдану үшін құзырлы органдарға хат жолданғанын хабарлады.