Павлодарда автобус екі жаяу жүргіншіні қағып кетті
Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілдіӘлеуметтік желідегі парақшалардың бірінде Малайсары батыр мен Российская көшелерінің қиылысында жолаушылар автобусы екі адамды қағып кеткен бейнесі жарияланған болатын. Бұл туралы Pavlodarnews.kz жазды.
Облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі медициналық бригаданың оқиға орнына тоғыз минут ішінде жеткенін хабарлады.
«13 наурызда 14:52-де станцияға жол-көлік оқиғасы туралы шақыру түсті. Түрлі жарақаттармен 17 жастағы жасөспірім қызды облыстық балалар ауруханасына, ал 63 жастағы әйел № 1 қалалық ауруханаға жеткізілді»,– деп жазылған хабарламада.
Полиция департаментінде әзірге ақпарат ұсынбады.