Павлодар облысындағы Мәшһүр Жүсіп мешітінде қайырымдылық дүкені ашылды
Мұқтаж азаматтар қайырымдылық дүкенінен өзіне қажетті киім-кешек пен азық-түлікті тегін алады.Солтүстік Қазақстандағы Мәшһүр Жүсіп мешітінде қайырымдылық дүкені ашылды, деп хабарлайды ҚМДБ сайты.
Дүкеннің ашылу салтанатына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы қатысты.
"Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басты жеті бағыт бойынша атқарып келе жатқан жұмыстарының бірі – қайырымдылық. Ислам діні мұсылманды адамзат баласына, барша тіршілік иесіне мейірімді, қайырымды болуға үндейді. Мешіттегі қайырымдылық іс-шаралар адамдар арасындағы бауырмашылдықты арттыра түседі. Осы орайда мешіттер жанынан ашылған қайырымдылық дүкендері қажетті затты беруші мен алушы жандардың арасындағы мейірімділікті нығайтады деп сенемін", – деді бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.
Айта кетсек, қайырымдылық дүкенінде күнделікті тұрмысқа қажетті әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер, киім-кешектер бар. Мұқтаж азаматтар қайырымдылық дүкенінен өзіне қажетті киім-кешек пен азық-түлікті тегін алады. Қайырымдылық дүкеніне киім-кешек пен азық-түлік өткізуге болады.