Ауылдық округте небәрі 250 жылқы тіркелген, бірақ қаладан әкеліп, табынға қосқан бөтен жылқылар көп. Олар күзде орылмай қалған қарабидай алқабында жайылған. Мамандар оның ірі қараға еш зияны жоқ екендігін айтты. Оның үстіне алқап иесі жер өңдеуге химиялық тыңайтқыштар қолданбаған, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Шаруалардың айтуынша, жылқылардың іші кеуіп, ісініп кетеді. Іш өту белгілері де бар. Артынша дірілдеп, құлайды. Мамандар әзірге қандай індеттің таралғаны белгісіз екенін айтуда.

"Материалдар облыстық зертханаға жіберілді. Малдарда асқазан-ішек жолдарының толып кеткені байқалады. Бізде ағзаның әлдебір нәрседен улануы мүмкін деген күдік бар. Жануарлар дірілдеп, жүре алмайды", – деді Павлодар облысының бас мемлекеттік ветеринария–санитариялық инспекторы рашид Нұрбеков.


Оқи отырыңыз: 10 тұрғын мен 124 түйені шаққан: Атырау облысында қарақұрт қаптады