Павлодар облысы полициясының экс-басшысы Мәсімовке іздеу жарияланды
Оған аса ірі мөлшерде пара алды деген айып тағылған.Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Павлодар облысы полиция департаментінің экс-бастығы полиция генерал-майоры Нұрлан Мәсімовке қатысты Қылмыстық кодекстің 366-бабы 4-бөлігі бойынша аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Осы факті бойынша оның іс-әрекеті сырттай сараланып, тергеу соты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасымен санкциялады. Қазіргі уақытта Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланды, іс бойынша оның орналасқан жерін анықтау бойынша қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары және істің барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған басқа да тергеу іс-әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижелері бойынша тиісті іс жүргізу шешімі қабылданатын болады.
Оқи отырыңыз: ҰҚК: Мәсімовтің тергеу изоляторындағы жағдайға шағымы жоқ
Өзге ақпарат қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.