29 шілдеде Париж Олимпиадасында тағы бір топ қазақстандық спортшы жарыс жолын бастайды.

Астана уақытымен ойын кестесі:

12:00. Әйелдер. Жеке қылыш. 1/32 финал.
Айгерім Сарыбай - Чайма Бенадуда (Алжир)

12:15. Оқ ату. Микст. Пневматикалық тапанша. 10 метр. Іріктеу.
Никита Чирюкин, Ирина Юнусметова

12:30. Академиялық есу. Ерлер. Жартылай финал E/F 1.
Владислав Яковлев

12:30. Оқу ату. Әйелдер. Пневматикалық винтовка. 10 метр. Финал
Александра Ле

13:00. Дзюдо. Ерлер. 1/16 финал.
73 келі. Данияр Шамшаев - Муроджон Юлдошев (Өзбекстан)

13:16 Садақ ату. Ерлер. 1/8 финал.
Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай, Александр Еременко. Қазақстан - Италия

14:13 Жүзу. Әйелдер. Шалқалау жүзу. 100 метр. Іріктеу.
Ксения Игнатова

15:00 Теннис

18:40 Бадминтон. Ерлер.
Дмитрий Панарин - Брайан Янг (Канада) (18:40-тан ертерек емес)

23:00. Үстел теннисі. Ерлер.
Кирилл Герасименко

00:04. Бокс. Ерлер. 1/8 финал.
63,5 келі Мұхаммедсабыр Базарбайұлы - Лай Чу Ен (Тайбэй)

Жарыстардың басталу уақыты өзгеруі мүмкін. Спортшылар жарыстың басында да, күні бойы басқа уақытта ойын көрсетуі ықтимал.

Айта кетейік, қазірге дейін ел құрамасы қоржынына үш медаль түсті. Дзюдодан Елдос Сметов (60 келі) чемпион атанды. Ал дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев (66 келі) және Александра Ле мен Ислам Сәтбаев ел қоржынына қола жүлде салды.

Еске салайық, қазақстандық спортшылар Олимпиада ойындарында спорттың 25 түрінен сынға түседі. Еліміздің атынан 80 спортшы 92 жолдама жеңіп алған болатын.