Панамада бүгін темекіге қарсы күрес бойынша ДДСҰ жиыны басталады. Қазақстанның ұстанымы қандай
Қазақстан ұлттық құқықтық база мен халықаралық келісімдерге қайшы келетін шешімдерді қабылдамауға үндейді.Бүгін Панамада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Темекіге қарсы күрес бойынша шекті конвенциясы Тараптар конференциясының 10-сессиясы басталады. Халықаралық шара темекіге қарсы күресу және заңсыз темекі саудасының жолын кесуде халықаралық реттеу тәсілдерін енгізуді көздейді.
Халықаралық басқосуға қатысатын Қазақстан делегациясының құрамында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Азамат Дүйсенов және Сыртқы істер министрлігінің өкілі бар.
Қазақстанның мемлекеттік позициясы 2023 жылғы қыркүйек-қазанда ҚР Сыртқы істер министрлігінің алаңында мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен өткен кездесулерде айқындалған болатын. Оған сәйкес, Қазақстан Тараптар конференциясы 10-отырысының күн тәртібінің келесі бірнеше тармағына қатысты өз ұстанымын әзірледі:
- Қазақстан Жұмыс тобы мандатының қызметін жаңартуды және оның темекі мен құрамында никотин бар инновациялық өнім түрлерін реттеу бойынша кешенді және практикалық тәсілдерді әзірлеуін қолдайды.
- Қазақстан темекі жарнамасы саласындағы трансшекаралық әріптестіктің механизмдерін жүзеге асыру мақсатында Жұмыс тобын кеңейту, Тараптар үшін ең тиімді экономикалық шешімдерді іздеу мен барлық ұсыныстарды қарау үшін көпжақты консультацияларды бастау туралы бастаманы қолдайды.
Оқи отырыңыз: Қорабы – 400 теңге: Қазақстанға арзан темекі қайдан және қалай келеді?
Қазақстанда темекі, қыздырылатын темекі, никотинді тұтынудың электронды жүйелері мен оларға арналған сұйықтықтардың кез-келген түріне қатысты жарнама мен демеушілікке толықтай тыйым салынған.
- Қазақстан жаңадан пайда болып жатқан никотин өнімдерінің жаңа түрлерін классификациялау бойынша Дүниежүзілік кеден одағының тәсілдерін және оларды жаңа ТН ВЭД 24 (мұнда қандай өнімдердің құрамында темекі не никотин бар-жоғы туралы және олардың "жанусыз ішке тұтынуға" арналғаны жөнінде түсініктеме берілген) тобына жатқызу туралы шешімді қолдайды.
Қазақстан Жұмыс тобы мандатының қызметін қалпына келтіруге үндейді және Жұмыс тобынан ДДСҰ Темекіге қарсы күрес бойынша шекті конвенциясы Тараптар конференциясының 11-сессиясына соңғы әрі толыққанды есеп әзірлеуді сұрайды. Бұл есепте Тараптардың тек қыздырылатын темекі өнімдері ғана емес, одан басқа вейп, снюс, никотинді жеткізудің электронды жүйелері және тағы басқаларға қатысты ДДСҰ ТКШК 8 және 9-баптарын жүзеге асыруға қатысты шешімдер мен нұсқаулықтар болуы тиіс.
- Қазақстан Ұлттық шарттарға сәйкес және мемлекеттік органдардың мақұлдауынан кейін Темекіге қарсы күрес бойынша шекті конвенциясында қарастырылмаған темекіге қарсы күрестің кез-келген түрлерін біржақты қолдану мүмкіндігін қарау бойынша өз құқығын пайдаланады.
- Қазақстанда ұлттық құқықтар аясында қызмет етеді және ұлттық құқықтық база және халықаралық келісімдерге сәйкес келмейтін қандай да бір шешімдерді қабылдауға қарсы үндейді.
Оқи отырыңыз: Алкоголь, темекі, май мен тұз: Неге зиянды әдеттерді заңмен қойдыруға болмайды?
Айта кетейік, Қазақстанның темекіні кешенді реттеудің әлемдік деңгейде мақұлданған тәсілдеріне ие. Олардың қатарында жарнама не демеушілік жасауға және қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салу, сондай-ақ коммерциялық және маркетингтік шектеулер бар. Ал жақында Мәжіліс сұйықтықты электронды темекілерге (вейп) тыйым салу туралы заң жобасын Сенатқа енгізді. Жақын аралықта жоба Сенат отырысында қаралады.
Еске салайық, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Темекіге қарсы күрес бойынша шекті конвенциясы Тараптар конференциясының отырысы 2006 жылдан бері әр 2 жыл сайын өткізіледі. Бұған дейінгі, тоғызыншы отырыс 2021 жылы Швейцарияда өткен болатын.