Отандық полицейлер жол ережесін бұзған жүргізушілерді дрон арқылы бақылауға көшті
Жаңашылдықты өзге өңірлерге де енгізу жоспарланған.
Отандық полицейлер жол ережесін бұзған жүргізушілерді дрон арқылы бақылауға көшті, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Ұшқышсыз ұшу аппараттары Маңғыстау, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында қолданылып жатыр.
Маңғыстау облысының тәртіп сақшылары трассаның бойына шығып, дрон ұшырып жатыр. Аталған құрылғы жылдамдықты асырған, қарсы бетке шыққан, екі жолақты басып өткен және тағы басқа ережені бұзған көліктерді тіркейді. Сосын полицейлер жүргізушілерді тоқтатып, жазаға тартады.
Жаңашылдықты өзге өңірлерге де енгізу жоспарланған.