Биылғы шілде мен қараша аралығында бірнеше елде тегін және офлайн форматтағы қазақ тілі курстары ұйымдастырылады, деп хабарлады «Отандастар» қоры.

Қазақ тілі курстары келесі елдер мен қалаларда болады:

  • Ресей (Омбы);
  • Моңғолия (Ұланбатыр);
  • Иран (Горган);
  • Түркия (Анталья, Ыстамбұл);
  • Франция (Париж);
  • Австрия (Вена);
  • Польша (Варшава);
  • Мажарстан (Будапешт).

Қазақ тілі курсына жазылу үшін + 7 747 827 22 37 нөміріне хабарласу қажет.

Сондай-ақ, қордың тұрақты түрде өткізілетін тегін онлайн курстарына да жазылуға болады.


Оқи отырыңыз: Шетелдегі қандастарға қазақ тілін тегін үйрететін онлайн курс басталды