Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс депутаттарын тіркеді
Мәжіліске алты партия мүшелері мен бір мандатты округтен сайланған жалпы саны 98 депутат кірді.Орталық сайлау комиссиясы Мәжілістің сегізінші шақырылым депутаттарын ресми түрде тіркеп, оларға куәлік пен омырау белгісін табыс етті.
"Орталық сайлау комиссиясы тіркеген сәттен бастап сіздердің ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары ретіндегі өкілеттіктеріңіз басталды. Сіздер осы сәттен бастап еліміздің заң шығару билігін жүзеге асыратын ең жоғары өкілді органы – Парламент депутатысыздар", – деді жаңа сайланған депутаттардың қатысуымен өткен ОСК отырысында комиссия төрғасы Нұрлан Әбдіров.
Мәжілістің 98 депутаты тікелей сайлау құқығы негізінде сайланды. Олардың тізімімен келесі материалдан танысуға болады:
Оқи отырыңыз: 2023 жылы сайланған Мәжіліс депутаттарының толық тізімі