Орал тұрғыны Анаргүл Әміроваға құнды жәдігерді ата-бабалары мирас етіп қалдырған, деп хабарлайды "Хабар 24". Бірақ жәдігер әлі күнге дейін ғылыми сараптамадан өтпеген. Себебі зерттеу жұмысы қыруар қаражат талап етеді.

Талай ғасырдың куәсі болған ту әбден тозған. Жақында Алматыдағы Әл-Фараби университетінің ғылыми зерттеу орталығының мамандары жәдігердің XIII ғасырға тиесілі екенін дәлелдеді. Ғалымдардың айтуынша, матаның сапасы мен онда бейнеленген таңба тарихтан терең сыр шертеді.

"Атамның айтуы бойынша бұл аталарынан беріліп келе жатқан мұра екен. Осы күнге дейін олар өздері "Бұл – Алтын Орданың туы" деп айтып келе жатты. Бірақ мұны дәлелдеу үшін ол кезде уақыт болған жоқ, мүмкіндік болған жоқ. Енді мен кірістім. Осыны аяғына дейін аяқтаймын деп шештім", – деді ол.

Анаргүл Әмірова енді тудың мемлекет қорғауына алынғанын қалайды. 


Оқи отырыңыз: 12 маусым жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 


"Бір бетінде Алтын Ордаға тән мемлекеттік таңба бар. Бұл таңбаларды көне карталарда, көне жазба деректерде, монеталардан көреміз. Бұл таңба Бату отбасына тиесілі болғанын ғалым Жақсылық Сәбитов өзінің мақаласында көрсетіп кеткен. Орта ғасырлардағы стандарттардың өлшемі 1-1,5 м. Бұл да сол шамаға жақындайды. Шеттері көп жыртылған", – Әл-Фараби атындағы ҚҰУ ғылыми зерттеу орталығының қызметкері Өмір Тұяқбаев.