Биыл төртінші және тоғызыншы сынып бітірушілерге мерекелік кеш ұйымдастыруға тыйым салынады.  Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрлігі Informburo.kz сауалына берген жауабында мәлімдеді.

Ведомствоның хабарлауынша, барлық орта білім беру ұйымдарына тиісті нұсқау хат жіберіледі.

"Білім беру мекемелеріне жолдаған нұсқау хатта 31-мамырдағы сабақты кестеге және міндетті сынып сағатына сәйкес өткізу, сондай-ақ 1 маусым балаларды қорғау күнін мерекелеу аясында мектеп қоңырауын соғу ұсынылды. Бастауыш мектептегі сынып сағатының сценарийін мұғалімдер сыныптың жас ерекшеліктерін ескере отырып дайындайды. Мектеп басшылығы сыныптағы іс-шараның, оның ішінде түлектердің денсаулығы мен өміріне қауіп төнбеуін қадағалау керек", – деді министрлік.

  • мерекелік іс-шараларға, ұйымдастырушы агенттіктерге, жеке студияларға аниматорларды тарту үшін ата-аналардан қаражат жинауға;
  • автокөлік жалдап,  қала (аудан) бойынша мерекелік дастархан және экскурсия ұйымдастыруға;
  • мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге сыйлық беру үшін қаражат жинауға;
  • ойын-сауық мекемелерінде (мейрамханалар, дәмханалар) бітіру кешін ұйымдастыруға жол берілмейді.

"Жергілікті білім беру мекемелері мен жалпы білім беретін мектептердің басшылары бастауыш және орта мектеп оқушыларының мектеп бітіру кешін салтанатты түрде өткізуге рұқсат берген жағдайда жауапкершілікке тартылады", – деп қорытындылады министрлік.