Оқу бітіріп, жұмыс іздеп жүргендер қайда жүгіне алады?
Мамандар жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған үш бағдарлама бар екенін айтады.Алматыда жыл басынан бері жүзге жуық жас азамат жұмыспен қамтылды. Мамандар мұндай жастардың қатары артып келе жатқанын айтады. Мысалы, 12 айға созылатын "Жастар іс-тәжірибесі" жобасы 500-ге жуық адамға жаңа мүмкіндік сыйласа, 100-ден астамы алғашқы жұмыс орнын тапқан, деп хабарлайды 31-арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы.
Алпамыс Мұхамеджан университетті ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша тәмамдаған. Оқуын тәмамдаған соң жұмыс таба алмаған. Айтуынша, бір жарым жыл бұрын жұмыспен қамту орталығына жүгініп, "Жастар іс-тәжірибесі" бағдарламасымен жұмысқа орналасқан. Қазір ол дәмхана, мейрамхана секілді мекемелерді автоматтандыруға арналған қосымша әзірлейді.
"Тағы да адам алып жатырмыз. Барлығы жақсы. Осы жерге алдағы уақытта да келемін деген ойдамын", – деді техник-программист Алпамыс Асқар.
Оқи отырыңыз: Түнде, демалыста және мерекеде жұмыс істетсе, қалай құқығыңызды қорғауға болады?
Мамандар жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған үш бағдарлама бар екенін айтады. Олар "Жастар іс-тәжірибесі", "Ұрпақтар келісімшарты", "Алғашқы жұмыс орны" деп аталады. Екеуі де колледж не жоғары оқу орнын бітірген жастарға арналған. Осылардың ішінде "Жастар іс-тәжірибесі" 12 айға, ал "Ұрпақтар келісімшарты" 6 айға созылады. Кейінгісінің шартына сәйкес, жұмыс беруші мекемеде жас маманға жол көрсететін зейнет жасына жақындаған қызметкер болуы тиіс. Ал үшінші бағдарламаға бұрын еш жерде жұмыс істемеген жастар ғана қатыса алады.
"11-сыныпты тәмамдағаннан кейін оқуға бір себептермен түспей қалған азаматтар да жұмыспен қамту орталығына келіп, ағашқы жұмыс орнына бағдарламаға қатысуға ұсыныс білдіре алады. Бұл оқуға түскенге дейінгі бір жылды жоғалтпас үшін қажет", – деді Алматы қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы уақытша жұмыс орны бөлімінің басшысы Ақжарқын Мухаримова.
Оқи отырыңыз: Гастербайтердің бір күндік айлығы – 50 доллар. Қазақ жастарының шетелге қара жұмысқа ағылуы жөн бе?
Бүгінгі таңда мемлекеттік бағдарламалардың көмегімен 600-ге жуық адам жұмысқа орналастырылды. Олардың бірінің қатысушысы болу үшін жұмыспен қамту орталығына жүгіну немесе ENBEK.KZ электрондық еңбек биржасында тіркелу жеткілікті.